Жасотандықтар әлеуметтік желіде #Менүйдемін челленджін бастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Жас Отан қозғалысының мүшелері қала тұрғындарын карантин жағдайы мен қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыратын жаңа челленджді бастады.

Аталған челлендж әлеуметтік желі қолданушылары арасында жылдам тарауда. Оған кішкентай баладан бастап егде жастағы зейнеткерлер де қатысып жатыр.




Бұл бастаманы алғашқылардың бірі болып өзге қаладағы "Жалын" жастар қозғалысы белсенді түрде қолдауда. Олар қолдарына #АлматыБізБіргеміз деген жазуы бар суреттермен посттар жариялап, алматылықтарды қолдайтындарын көрсеткен.



Челленджді ұйымдастырушылар қатарластарының карантин жағдайын түсініп, бұл әр адамның саналы түрде жасайтын жауапкершілігі екенін түсінеді деген ойда. 

#ҮйденШықпа  #Ядома #stopcovalmaty #JasOtanAlmaty #AlmatyJastary #Volonterjyly


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы