Жасөспірімге көлік тізгіндеуге рұқсат берген полицейге қатысты тексеріс басталды

Көлік жүргізуге "рұқсат берген" Алматы полициясы бастығының орынбасарына қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгендеген кәмелетке толмаған бала көлік айдауға Ержан Ұзабаев рұқсат берген айтты.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасөспірім әпкесінің көлігіне отырғанын айтады. Оның айтуынша, көлік айдауға Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары рұқсат берген.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсінік беріп, осы іс бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыптұрағына қойылды, — дейді Алматы қаласының полиция департаменті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы