Жасөспірімдерге арналған "Альфа ұрпақ" жобасы көрерменге жол тартты

BAQ.KZ-те тұсаукесер! Жасөспірімдер туралы "Альфа ұрпақ" видео жобасы көрерменге жол тартты.

Альфа ұрпақ – 2010 жылдан кейін туған балаларды сипаттайтын термин. Бүгінде бұл ұрпақ жасөспірімдік шақты толықтай цифрлық дәуірде өткеріп келеді. Олар смартфон, планшет, жасанды интеллект және басқа да жаңа технологиялармен туғаннан таныс.

Жобаның басты мақсаты – Z және Альфа ұрпағындағы жасөспірімдерге өздерін жақсырақ түсінуге көмектесу, ата-аналарымен қарым-қатынастарын нығайту, өмірге деген құлшыныстарын арттыру және қоғамдағы жауапкершіліктерін сезінуге бағыт беру. Сондай-ақ жоба дағдарыс кезеңіндегі оқушыларға қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаға қонақ ретінде психологтар, мұғалімдер, жастар ұйымдарының өкілдері шақырылады.

Бірінші шығарылым қонағы белгілі отбасы психологі Ержан Мырзабаев болды. Ол жасөспірімдік кезеңдегі еркіндік шеңбері, дағдарыс, сенімсіздік пен өзіндік құндылық, ата-анадан сепарация мәселелерін айтып берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы