"Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістер" іс-шарасы ұйымдастырылды
Ақтөбе облысы Ойыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Жасөспірімдердің жас ерекшелігіне сәйкес мінез – құлқындағы өзгерістер» тақырыбында Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев, Ойыл ауданы прокуратурасының прокуроры Сәбит Меңдібаев, Ойыл ауданының білім бөлімінің басшысы Есенгелді Бегалин, Ойыл аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Айболат Батанов, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, п.ғ. магистрі, психодраматерапевт Медеухан Жасжанова және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологиялық бөлімінің психологы, п.ғ. магистрі Бұлбұл Жиенбаеваның қатысуымен ата-аналар, мектеп директорлары және мұғалімдермен кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты жасөспірімнің психологиялық саулығы: Ата-ана қолдауының маңызы; жасөспірімдердің эмоционалдық тұрақсыздығы – күйзеліс, өз-өзіне сенімсіздік, агрессия, әлеуметтік оқшаулану.
Қарым-қатынастың маңыздылығы – ата-ана мен бала арасындағы сенімді байланысты қалай орнатуға болады? Интернет пен әлеуметтік желінің ықпалы – баланың санасына әсері, кибербуллингтен қорғау, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.
Сонымен қатар ата-аналарды балаларының қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етуге шақырды.
Ата-ана қолдауы және мотивация – оқудағы, жеке дамудағы рөлі ерекше маңызға ие. Жасөспірімдердің тәуелділік мәселелері – гаджетке, ойынға, жаман әдеттерге тәуелділіктің алдын алуға үйдегі ата-ананың қадағалауы аса қажет. Балалар бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін аудандағы қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелер мен спорт кешендеріне апарып, баланың дамуына жан-жақты болып өсуіне үлестеріңізді қоссаңыздар-, деді Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев.
Бәріңізге белгілі қазіргі таңда балалар әлеуметтік желіні көп пайдаланады. Интернеттің пайдалы жақтарымен қоса зиянды тұстары да аз емес. Себебі, кибербуллингтің құрбанына айналған баланың бойында түрлі өзгеріс жүреді. Мәселен психологиялық жарақат алып, ұзақ уақыт депрессияның шырмауына түсіп кетуі де ғажап емес. Бұған жол бермес үшін ата-ана үнемі баламен кибербуллингтің қауіпті екенін еске сала отырып, талқылауы қажет. Ата-аналар балаларының құқықтары мен міндеттерін біліп, балаға түсінікті тілде жеткізуміз керек-, деді Ойыл ауданы прокуратурасының прокуроры Сәбит Менгдибаев
Жиналыс барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдістемелік бөлімінің психологтары ата-аналар мен мұғалімдерге балалармен жұмыс барысындағы түрлі жағдайаттарға байланысты кеңестер бере отырып арнайы кейстер талқылады. Мамандар тарапынан ата-аналарға сергіту сәттері қоса ұйымдастырылды.