+20

"Жасөспірімдерді асып кетіп жатыр": Астанада маньяк жүр деген ақпарат тарады

Астанадағы Көктал ауданында жасөспірімдерге шабуылдайтын маньяк жүр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мессенджерлер арқылы келген фото мен видеоларға сәйкес, зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар екендігі айтылған.

Ақпаратты Полиция департаменті жоққа шығарды.

Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарына сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауларын сұраймыз. Тек ресми дереккөздерге сүйеніңіздер, - деп жауап берді полиция редакцияның сауалына.

Ескеретін жайт, Қазақстан заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы