Жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес – Бектенов

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың баяндамасынан кейін Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы балалар тағамы бүгінде өзекті әрі алаңдатарлық мәселеге айналғанын айтады.

Балалардың тамағы – өте маңызды мәселе. Өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдер көбіне фастфуд пен энергетикалық сусындарға әуес, тіпті кей жағдайда тәуелді болып барады. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Мұндай жағдайға ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Осы бағытта нақты ұсыныстар енгізіңіздер, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы