Жасөспірімдер арасында көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Қарасай ауданында 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасындағы көкпардан – ІХ, аударыспақтан – ІХ Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды.

Кеше жеребе тарту рәсімі өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 команда өзара бақ сынайды. Ойын топтық ережемен өтеді.

І топта:

Қарағанды облысы

Алматы қаласы

Түркістан облысы

Қызылорда облысы

ІІ топта:

Шығыс Қазақстан облысы

Алматы облысы

Атырау облысы

Шымкент қаласы құрама командасы бақтарын сынайды.

10 қарашаға дейін жалғасатын дүбірлі додада 90-нан астам жасөспірім өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы