Жасөспірім өз отбасын қырып салып, тағы 30 баланы өлтірмек болған

19 жастағы британиялық Николас Проспер отбасындағы үш адамды өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Sky News таратқан ақпаратқа сүйенсек, сот оның өзі оқыған бастауыш мектептегі 30-дан астам баланы өлтіруді жоспарлағанын анықтаған.

2024 жылғы 13 қыркүйекте Николас Проспер 48 жастағы анасы Джулиана Фалькон мен 13 жастағы қарындасы Жизельді атып өлтірген. Сондай-ақ ол 16 жастағы інісі Кайлды пышақтап, ол тіл тартпай кеткен.

Қайғылы жағдайдан соң жасөспірім қолға түсіп, одан тағы қылмыс жасау үшін тыққан 33 оқ-дәрі табылған.

Тергеу амалдары жасөспірім жалғыз өзі мұндай қылмысқа барғанымен, оның "жоспарында қандай да бір саяси немесе идеологиялық себеп болмаған" деп отыр.

Сот Просперде аутизмдік спектр бұзылысы диагнозы барын анықтады.

11-сыныпқа дейін ол өзін жаман қырынан көрсетпегенімен, 6-сыныпта-ақ психологиялық қолдаудан бас тартып, проблемасы басталғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы