Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол 1994 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін, Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.

2019 жылы «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаментінде жұмыс істеді.

2020-2023 жылдары — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы, директордың орынбасары.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – ЦДИАӨМ Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы