6 Сәуір 2025 2025, 23:24
Фото: Фото: Freepik
Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды
Вена қолданбалы өнер университетінің тарихында алғаш рет нейрожелі студент атанды.
Вена қолданбалы өнер университетінің тарихында алғаш рет нейрожелі студент атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Рамблерге» сілтеме жасап.
Flynn деп аталатын жасанды интеллект цифрлық өнербағдарламасына ресми түрде қабылданды және басқа студенттермен тең дәрежеде оқиды.
Университет басшылығының хабарлауынша, мұндайэксперименттің мақсаты – шығармашылық саладағы адам мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.
Бір қызығы, Flynn оқуға қабылдау сынағының барлық кезеңінен өтті:өзініңпортфолиосын ұсынды жәнесұхбаттасудан сәттіөтті.Жасанды интеллект университет ережелерінде студенттің міндетті түрде адам болуы жөніндегі ресмиталаптың болмауына байланысты оқуға қабылданды. Бұл факт оқу орнының әкімшілігінде атап өтілді.