Жасанды интеллект пен жасанды органдардың заманы келді - Саясат Нұрбек
Бұл туралы Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшлісі.
Министрдің айтуынша, әлемде ғылым мен білімге деген көзқарас тағы да өзгерді.
Үлкен ғылыми технология революцияның алдында тұрмыз. Былтыр қарашада білім мен технология саласында қызықты жаңалықтар ашылды. Кішкентай ғана компнаия OpenAI жасанды интеллект ChatGPT-ді, яғни генеративті жасанды интеллектің алгоритімін нарыққа шығарды. Ол нарыққа шыға сала бірден үлкен бәсеке басталып кетті. Google, Microsoft, Amazon секілді компаниялар өзіне қаншама жыл жинаған үрдісімізді қалай төңкеріп тастады деген сұрақ қойды, - деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ білім министрі тұңғыш рет термоядролық реакцияның (Cold Fusion) тұрақты реакциясының жүзеге асырылғанын атап өтті.
Кейін Қытай үкіметі бірден 2028 жылы темоядролық реакторды іске қосатынын мәлімдеді. Яғни энергетикалық революцияның алдында тұрмыз, - деп екінші жаңалықты мәлім етті.
Ол былтыр тұңғыш рет адамның генетикалық кодынан доңыздың денесіне жүрек өсірілгенін айтады.
Донор адам жүрегінде ақау асқынған кезде өзінің генетикалық жасушасынан жасалған жасанды жүрегі қайтарылып беріледі. Яғни жасанды органдар дәуіріне қадам басып бара жатырмыз, - деді министр.