Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатері де бар – Фабрицио Хохшильд
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Экономикада жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істемесе оның арты көптеген адамның жұмыссыз қалуына әкеледі. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд Алматыда өтіп жатқан форум барысында айтты.
Жиын барысында ол, Қазақстан цифрлы технологияны интеграция жасап жатқаны және осы жолда дамып жатқаны көп елдерге үлгі боларлық жайт екенін айтып өтті.
Жасанды интеллектінің ұтымды тұстарымен қоса қатер төндіретін жерлері де бар. Сондықтан жасан интеллектінің ішінде басқару нормативті базасының болуы маңызды. Жасанды интеллекті қазіргі даму барысында мақсатты түрде қолданылып келеді, әсіресе медицина саласында, оның ішінде диагностикалауда жақсы нәтижелер көрсетуде. Ол адамның диагноздауына қарағанда арзанға түседі. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында да жасанды интеллекті кеңінен қолданылып жатыр,-деді ол.
Сонымен қатар, ол экономикада жасанды интеллектімен дұрыс жұмыс істемесе оның арты көптеген адамның жұмыссыз қалып, істің бәрін роботтандыруға алып келетінін жеткізді.
Мәселен, Google, Facebook, Apple компанияларының табысы автокөлік шығаратын ірі компаниялардікімен тең. Алайда көлік зауыттарында адамдар 9 есе көп жұмыс істейді. Жасанды интеллекті біздің өмірімізге енетіні сөзсіз, бірақ оны дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек,-деді Фабрицио Хохшильд.