Бүгiн 2026, 10:00 Фото: BAQ.KZ коллажы

Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылым: Ғалымдардың рөлі қандай?

Қазір ғылым тек теориямен шектелмейді. Ол – ел дамуының нақты қозғаушы күшіне айналған сала. Жаңа технологиялар, жасанды интеллект, түрлі инженерлік шешімдер – мұның бәрі ғылымның күнделікті өмірмен тығыз байланысын көрсетеді.

Осы бағытта еңбек етіп жүрген отандық ғалымдардың жұмысы мен тәжірибесі қоғам үшін аса маңызды. Олар тек зерттеу жасап қана қоймай, елдің болашағын қалыптастыруға үлес қосып келеді. BAQ.KZ тілшісі ғылыммен тұрақты айналысып, үздіксіз ізденіс үстінде жүрген ғалымдармен тілдесті.

Бұл бейнематериалда Назарбаев университетінің ғалымдары ғылымға қалай келгенін, өз жолын қалай таңдағанын және зертханадағы күнделікті жұмысы қалай өтетінін баяндайды. Сонымен қатар олар ғылымның адам өміріндегі маңызы, оның ел дамуына әсері және жастарға беретін мүмкіндіктері туралы өз ойларымен бөліседі.