Бүгiн 2026, 17:25
Жасанды интеллект әлемді тез өзгертіп жатыр: Бейімделмесек жұмыссыз қаламыз ба?
Бүгінде қазақстандықтар AI-ға сырымен бөлісіп жүр.
BAQ.KZ подкастында IT-сарапшы Данабек Қалиаждаров пен журналист Олжас Адай жасанды интеллектінің бүгінгі қоғамға әсерін талқылады.
Қазір қазақстандықтар ChatGPT және басқа да AI-дан кеңес алып, жеке ойымен бөлісіп, тіпті құжаттарын өңдетіп жүр. Бірақ осының бәрі қауіпсіз бе? Деректер қайда сақталады, оларды біреу пайдаланып кетуі мүмкін бе?
Әңгіме барысында ЖИ-ді тиімді қолдану, prompt жазу мәдениеті, оның жұмыс нарығына әсері және жастардың ойлау жүйесіне ықпалы сөз болды.
Сондай-ақ Alem.AI орталығы сияқты бастамалардың ел болашағына қалай әсер ететіні талқыланды.