Жас жұбайлардың ерекше биі көпті таңғалдырды

Қызылордалық Нұрталап пен Ақмаржан үйлену тойында ерекше би биледі. Бейне TikTok-та 700 мыңнан астам қаралым жинап, желі қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі жас – Қызылорда облыстық филармониясының әртістері. Кәсіби түрде халық бимен айналысатын олар заманауи хореографияға да қызығушылық танытып, жаңашылдықтан қорықпайды. Осы ерекшеліктерін ескере отырып, олар үйлену тойларына арнап классикалық және латиноамерикалық ритмдерді үйлестірген ерекше би қойды.

Бұл батыл қадам көрермендерді де, желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмады. Бимен ғана емес, оның ерекше үйлесімімен есте қалған жұп TikTok-та үлкен танымалдылыққа ие болып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы