Жас жазушы Торғын Жолдасбекқызы өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аз ғана уақытта қалам қайратымен әдебиетсүйер қауымның сүйіспеншілігіне бөленген қазақтың талантты қызы, әлеуметтік желі оқырмандарына "қараторғай" атанып кеткен Торғын Жолдасбекқызы өмірден өтті.

Қаралы хабарды әлеуметтік желі қолданушылары жазып жатыр. 

Торғын Жолдасбекқызы Қалелова 1985 жылы Алматы облысында дүниеге келген. "Кеш қалма", "Араша" кітаптарының авторы.   Ол – соңғы кездері әлеуметтік желіде әңгімелері ең көп оқылған жазушы. 25 жасында дертке шалдығып, арбаға таңылған. 

Торғын әңгіме жазуды 29 жастан асқан соң бастаған. Өзінің сөзінше, қолына қалам алуға түрткі болған жайт – басына түскен қиындық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы