Жас жауынгерлер әскери ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұланның елордалық жедел құрамасының саптық алаңында екі жылдан астам үзілістен кейін оффлайн режимде жас жауынгерлердің әскери ант қабылдау салтанаты өтті. 

Бұған дейін екі жыл бойы дәстүрлі шара еліміздегі шектеулерге байланысты онлайн режимде өткізілген болатын. Енді жас сарбаздар өмірлеріндегі маңызды сәтті ата-ана, туыс-жақындары, достарымен бөлісу мүмкіндігімен қайта қауышты.

Әскери рәсімге ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов, қалалық құқық қорғау органының өкілдері және әскердің құрметті ардагерлері қатысты. 

Ант қабылдау рәсімінде 800 жас жауынгер Отанға адал болуға ант берді. Олардың 2000-нан аса туыстары мен жақындары, сарбаздардың ата-аналары, сондай-ақ Астанада тұратын достары мен туыстары келді. 

Жас сарбаздармен бірге 5573 әскери бөлімінің келісімшарт негізінде қызметке орналасқан нәзік жанды мамандар да серт берді. 

Ресми түрде Отан қорғаушылар қатарына қосылған ұландықтан енді бас қаланың қоғамдық тәртібі, қала тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы