Жас ұстаз мектепке Жапонияның тазалық тәжірибесін енгізуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында «Team Kazakstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа оқушыларды өзгенің еңбегін қадірлеуге баулу үшін Жапониядағыдай өз мектебін тазалау әдетін енгізуді ұсынды.

Қаржылық сауаттылық – маңызды бағыт. Күрделі пайыз, банк, салық, ипотека, ақша жинау, оны инвестициялау, қаржы пирамидалары, сақтандыру, блокчейн, криптовалюта сияқты түсініктер мектеп кезінен берілуі керек. Мұның барлығын жазда, 2-3 апта курстар аясында немесе мектеп бағдарламасына қосымша сабақтар енгізу арқылы ұйымдастыруға болады, - дейді білім саласының сарапшысы.

Қайсар Тұрсынқожа мектеп оқушыларын жауапкершілікке, өзгенің еңбегін қадірлеуге баулу үшін Жапониядағыдай өз мектебін тазалау әдетін енгізуді ойластыруды жөн санайтынын айтты.

Бұл баланы еңбекке «жегу» емес, жауапкершілікке тәрбиелеу. Бүгін өзі отырған жеріне, мектеп мүлкіне немқұрайлы қарайтын оқушыдан ертеңге мемлекет болашағына, қоршаған ортаға алаңдайтын азамат шығады дегенге сену қиын. Осы орайда тазалық жұмыстарын жүргізетін адамдардың жалақасын арттыру мәселесін де көтергім келеді. Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы өскені қуантады. Бірақ ауруханада да ең лас жұмысты атқаратын санитарлар. Олардың жалақысы минималды деңгейге көтергенмен қазіргі қымбатшылық кезінде жетпейді, - деп атап өтті жас ұстаз.

Ол нормативтік құжаттарды қайта қарауды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы