Жас ұрпақтың дауысы: Алматыда студенттер мен жас мамандар мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып жатыр
Бүгін Алматыдағы сайлау учаскелеріне келген тұрғындардың арасында жастар да аз емес. Студенттер мен жас мамандар дауыс беріп жатыр.
Олардың көбі достарымен, курстастарымен және әріптестерімен бірге келуде. Кейбір алматылық жас үшін бұл – өміріндегі алғашқы сайлау.
Сайлаушылардың айтуынша, дауыс беру азаматтық ұстаным білдіруге мүмкіндік береді. Жастар Алматының дамуына және қала тұрғындарының өміріне тікелей ықпал ететін шешімдерге қызығушылық танытып отыр.
Сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс беру тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда сайлауға алғаш рет қатысып отырған азаматтарға көмектеседі.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 597-сі азаматтардың тіркелген жері бойынша, 73-і уақытша болу орындарында ашылған. Сайлаушылар тізіміне 1 млн 355 мыңнан астам адам енгізілген. Дауыс беруді ұйымдастыруға сайлау комиссияларының 4 826 мүшесі жұмылдырылған.
Депутаттық мандатқа 168 кандидат үміткер: 109-ы төрт саяси партияның тізімі бойынша, 59-ы 21 бірмандатты сайлау округі бойынша тіркелген.
41 сайлау учаскесінде Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға арналған бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Сайлау учаскесінің мекенжайын нақтылап, сайлау туралы қосымша ақпаратты бірыңғай 109 нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.