«Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері салтанатты серт берді

Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымов атындағы Шымкент Республикалық «Жас ұлан» мектебінде 250 ұлан салтанатты серт берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз командирлерінің, мұғалімдері  мен туыстарының қатысуымен әскери мектеп туының алдында оқушылар «ұлан» атағын абыроймен алып жүруге, әскери жарғыларды қатаң сақтануға, жақсы оқуға және Отанға адал қызмет етуге серт берді.

Серт берген әр оқушыға әскери мектеп оқушысының куәлігі табысталды. Ал мектеп бастығы полковник Ғазиз Тілеушевтің құттықтауына ұландар бір деммен үш мәрте "ура" деген жауап қатты. 

Болашақ Отан қорғаушылардың құжаттары жаңадан қабылданған оқушыларға берілген соң, олар өздерінің алғашқы салтанатты шеруімен мектептің саптық алаңынан өтіп, туысқандарының қошеметтеріне бөленді. 

Айта кетсек, Ұлан болу үшін балалар психологиялық зерделеумен білім деңгейін анықтайтын тестілеуден өтіп, дене шынықтыру нормативтерін тапсырды, сондай-ақ медициналық тексеруден өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы