Жас теннисшілер Өскемендегі турнирде табысты өнер көрсетті
Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балалар арасында үшінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Аталмыш халықаралық жарыста қазақстандық жастар табысты өнер көрсетті. Бозбалалар арасында Ілияс Маратұлы финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ресейлік Амирхамза Насридиновке жол берді – 2:6, 1:6.
Қарағанды теннис мектебінің түлегі Виталий Зацепин жұптық сында Насридиновпен бірге финалда ресейліктер Даниэль Хазиме – Олег Колниновті 6:1, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.
Қыздар арасында алматылық Іңкәр Дүйсебай ресейлік Кристина Сидоровамен бірге финалда қазақстандықтар Әдемі Аманкелді – Сати Әубәкірованы 7:5, 7:6 (7:0) есебімен қапы қалдырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Іңкәр жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында азық-түлік бағасы қалай реттеліп жатыр?
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы