Жас таланттар Мәскеудегі халықаралық фестивальде Гран-при жеңіп алды

1-2 желтоқсан күндері Мәскеуде жарқын мәдени іс-шара – "КТК – дарынды балаларға" ("Каспий Құбыр Консорциумы-К"- бұдан кейін "КҚК-Қ" АҚ) атты балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл шараға маусым айында Атырау қаласында өткен "Jas Tolqyn" жас таланттар байқауының гран-при иегерлері қатысты.

"КТК - талантты балаларға фестивалі аясында үш күн бойы қатысушылар Ресейдің ең үздік мәдениет қайраткерлерінен вокал, хореография, классикалық және халық аспаптарынан шеберлік сабақтарын алды, сондай-ақ Мәскеу қаласы бойынша экскурсияларға қатысты.

Фестивальде Қазақстанды келесі өнерпаздар таныстырды: "Жем Аруы" би ансамблі (Атырау облысы), "Presto" шертершілер ансамблі (Атырау қаласы), пианист Жарқынай Жолдасқали (Атырау қаласы), домбырашы Әлішер Өміржан (Атырау қаласы), "Дәстүрлі ән айту" номинациясының жеңімпаздары Фариза Құдайберген (Атырау қаласы), Айбар Санбаев (Ақтөбе қаласы) және "Телқоныр" халықтық аспаптар ансамблі (Батыс Қазақстан облысы), "Көркем сөз" номинациясы бойынша жеңімпаз Ұлдана Санақбай (Маңғыстау облысы), вокалистер Ақылбек Бисенбаев (Ақтөбе қаласы) және Нұрлы Мұстафа (Атырау қаласы).

1 желтоқсан күні Қазақстанның жас өнерпаздары ВДНХ-дағы Қазақстан павильонында концерт өткізіп, көрермендерді шығармашылық нөмірлерімен тәнті етті.

Каспий құбыр консорциумы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Осы бағытта "Jas Tolqyn" жас таланттар конкурсы ерекше орын алады. Бірнеше іріктеу кезеңдерінен өткен батыс өңірлерінен шыққан дарынды балалары Мәскеуде жеке концерт беріп, "КТК – дарынды балаларға" халықаралық фестиваль мен гала-концертке қатысады. Біз бұл байқауды жылдан жылға қаржыландырып, қолдау көрсетіп, ұйымдастырып отырмыз. Балалар - Қазақстанның болашағы, мұндай ауқымды халықаралық шараға қатысу жас таланттарды жаңа шығармашылық жетістіктерге жетелейтіні сөзсіз, - деп атап өтті "КҚК-Қ" АҚ Бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин.

"Jas Tolqyn" байқауына жыл сайын Қазақстанның батыс өңірлерінен қала мен шалғай ауылдарынан мыңдаған жас өнерпаздар қатысады. 

Жеңімпаздар Мәскеуде өтетін халықаралық фестивальде еліміздің намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады. Біз жыл сайын қазақстандық балалардың ең жоғары марапаттарына ие болатына қуаныштымыз, - деді байқау ұйымдастырушысы Ботагөз Шарденбаева.

Барлық қазақстандық қатысушылар жүлделі орындарға ие болды. Гран-при иегерлері: "Телқоңыр" халық ансамблі, "Жем Аруы" би ұжымы және Айбар Санбаев.

1-орынды жеңіп алғандар: "Presto" саз аспаптар ансамблі, Әлішер Өміржан, Жарқынай Жолдасқали, Ұлдана Санақбай, Нұрлы Мұстафа және Фариза Құдайберген.

Екінші орынды вокалист Ақылбек Бисенбаев иеленді.

Еске сала кетейік,  "Jas Tolqyn" жас таланттар байқауы бесінші жыл қатарынан "Каспий Құбыр Консорциумы-К" АҚ-ның қайырымдылық қызметі аясында өткізіліп келеді. Жоба Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұратын дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған. Байқаудың мақсаты – ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтау және қайта жаңғырту.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: "Jas tolqyn" жобасының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы