Жасөспірімдер үш күн ішінде 600-ге жуық құқықбұзушылық жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 579 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде кәмілетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалануының 13дерегі бар.

13-15 ақпан аралығында полицейлер "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы, сонымен қатар оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы облысы полицейлерінің ақпаратына сәйкес жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 497 жасөспірімді жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізген. Олардың ішінде 400 дерегінде түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың жеке-дара жүргені анықталған. 13 жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені әшкере болды. Алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 900 жуық ойын-сауық орындарын тексерді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім жеткізілген.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы