Жасөспірімдер құрамасы Талғарда дайындық жүргізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне дайындық Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтеді. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығу жиынына бас бапкер Алмас Құлшынбаев 25 футболшыны шақырды. Оның қорытындысы бойынша 20 футболшы Грекияда өтетін іріктеу турниріне қатысады.Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Никита Пивкин, Темірлан Анарбеков, Сұлтанбек Досаханов (екеуі де – "Қайрат");
Қорғаушылар: Александр Широбоков, Арсен Азатов, Егор Ткаченко, Сұлтан Асқаров, Асыл Сармантай, Данияр Орда (барлығы – "Қайрат"), Асқар Сатышев ("Оңтүстік");
Жартылай қорғаушылар: Данил Сомов, Жаннұр Көкеев, Роман Чирков, Дмитрий Филиппов, Александр Мрынский, Диас Құшқынбаев (барлығы – "Қайрат"), Муроджон Халматов, Құдайберді Нарқұлов, Мирас Амантаев (барлығы - "Оңтүстік"), Вадим Яковлев ("Зимбру", Молдова);
Шабуылшылар: Әлішер Рахымжанов, Ғалымжан Кенжебек, Данияр Дулатов (барлығы – "Қайрат"), Абзал Қалау ("Оңтүстік"), Даниил Анкудинов ("Марсет", Испания).
Жаттықтырушылар штабы:
Алмас Құлшынбаев – аға бапкер,
Рафаэль Оразбахтин – аға бапкердің көмекшісі,
Евгений Овчинников – қақпашылардың жаттықтырушысы,
Ахматхон Искандаров – дәрігер,
Станислав Ведлер – массажист,
Болат Адамбеков – менеджер.
ЕЧ-2020 іріктеу кезеңінің ойын кестесі:
13.11.2019. Германия U-17 – Қазақстан U-17
16.11.2019. Грекия U-17 – Қазақстан U-17
19.11.2019. Қазақстан U-17 – Әзірбайжан U-17
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорданың бірқатар көшесінде өзгерістер болмақ
Өзгелердің жаңалығы