Жасөспірімдер құрамасы Лозаннадағы Олимпиада ойындарына аттанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 9-22 қаңтар аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында үшінші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтеді. Қазақстан бұл додада 27 спортшыға сенім артады. Бүгін елордада спортшыларға ақжолтай тілеп, шығарып салу рәсімі өтті.
Жас спортшыларға ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пен Ұлттық Олимпиада комитетінің спорттық дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатов сәттілік тіледі.
Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпидасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Санжар Жеңісов ұстап шығады. Оған еліміздің көк байрағын Серік Сәпиев салтанатты түрде табыстады.
Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күн қалды. Осы Олимпиада сіздердің Отанымыздың абыройын лайықты қорғап, әлем алдында елімізді тағы бір қырынан танытар деп сенім білдіреміз. Жарыс жолында сіздерге сәттілік жолдас болсын, - деді Серік Сәпиев.
Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің спорттық дирекциясының басшысы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, мұндай жастағы спортшыларға көп жауапкершілік артып, қысым жасауға болмайды.
Тапсырма бір ғой. Жақсы деңгейде өнер көрсетсе деп ойлаймын. Жасөспірімдер болғандықтан максимальді күштерін сарқып, кейін әлем кубоктары кезеңдерінде шамалары жетпей қалып жатады. Өйткені, осы жаста олардың көп талап қойылып жатады. Бұл дұрыс емес. Әрине, медаль болу керек. Қысқы спорт түрлерінен шорт-трек- фристайл-могул, коньки, керлинг жақсы дамып келеді. Лозаннаға бара жатқан спорттық делегацияның ішінде биатлонда бар. Осылардың біреуінен жүлде күтеміз, - дейді Елсияр Қанағатов.
Қазақстан құрамасы сапынан ең көп жолдаманы биатлоншылар жеңіп алған. Бұл спорт түрінен 6 спортшы ел намысын қорғайды. Оның ішінде үшеуі ер, үшеуі әйел. Олар: Арсений Безгинов, Вадим Куралес, Данил Червенко, Ульяна Ардалионова, Влада Васильченко, Арина Куприянова. Ал өзге спор түрлерінен мына атлеттерге сенім артамыз.
Конькимен жүгіру: Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Никита Важенин, Евгений Кошкин;
Шаңғымен жарысу: Дидар Қасенов, Ілияс Исабек, Айша Рақышева, Валерия Батченко;
Тау шаңғысы: Владислав Шлемов, Александра Троицкая;
Шаңғымен тұғырдан секіру: Данил Васильев, Нұршат Тұрсынжанов, Вероника Шишкина, Амина Тухтаева;
Шаңғы қоссайыс: Святослав Назаренко;
Шорт-трек: Санжар Жеңісов пен Мария Горбунова;
Фристайл ски-кросс: Анель Суфашева, Алексей Банников;
3*3 аралас хоккей: Алексей Байдек,Кристина Чернова.
Жалпы, Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасына әлемнің 70 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыс 14 спорт түрі бойынша өткізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Риддерде тау жынысы опырылып, шахтер жер астында қалып қойды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы