Жас шахматшылар халықаралық турнирде жеңіске жетті
11 жастағы Алимжан Жауынбай Әмірліктердің Эль-Фуджейра қаласында өткен халықаралық шахмат фестивалінде чемпион атанды. Youth-Open турнирінде ол 9 мүмкін ұпайдың 8-ін жинап, 250 қатысушының арасынан үздік шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ал оның ағасы, 13 жастағы Алдияр Жауынбай, Masters турнирінде тамаша нәтиже көрсетті: 6 ұпай, +72,4 рейтингке қосымша және халықаралық шебер (IM) нормасын орындады!
Бұл жетістіктер – Қазақстанда жаңа буын мықты шахматшылар өсіп келе жатқанының дәлелі. Алда – әлем және Азия чемпионаттары, біздің жас дарындар биік белестерді бағындыруға дайын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бала асырап алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы