Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті

Бүгін Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сөз алған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осыған дейінгі сайлау процестерінің жүргізілу тәртібімен таныстырып, кандидаттар туралы ақпараттарға шолу жасады. Сондай-ақ бұл кездесуде жас сайлаушылар клубының мүшелеріне еркіндік беретінін ескерді.

Жастар - еліміздің қозғаушы күші. Сондықтан сіздердің сайлау науқаны барысы туралы әр пікірлеріңіз, ұсыныстарыныз маңызды. Бүгінгі отырыс барысында да жастар арасындағы ауқымды мәселелер қозғалады деп сенемін,-деді Нұрлан Әбдіров.

Сондай-ақ отырыс барысында ТМД елдерінен келетін бақылаушылардың саны, талаптары және сайлау науқанының жүргізілу тәртібі түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер 6 кандидаттың штабтарымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Оларға түсіндірмелі семинарлар өткізілді. Сондай-ақ бүгін Орталық сайлау комиссиясы ТМД атқару комитетінің өкілдерімен кездесу өткізіп, біршама мәселелерді талқылады, - деді ол.

Алдағы уақытта Орталық сайлау комиссиясының мүшелері 13 қарашаға дейін Қазақстанның барлық өңірін аралауға ниетте екенін айтты.

Қазақстанның 20 өңірінде 10 102 сайлау учаскесі бар. Соларды аралап, қандай да бір қателіктер болса анықтап, реттеп шығу жоспарда бар, - деді ол.

Сондай-ақ жастарды сайлауға қатыстыру, қызығушылықтарын арттыру мәселелесі де сөз етілді. Тиісінше, отырыс барысында жас сайлаушылар клубының мүшелері түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы