«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері Даңқ мемориалында құрмет қарауылы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай «Жас сарбаз» қозғалысының және Алматы қаласындағы әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері Даңқ мемориалындағы құрмет қарауылының вахтасына түсті.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы орайда 45 қалалық мектептің жас патриоттары мемориалда кезек-кезек күзету қызметін атқарды. Бірінші күзету кезешілігі № 95 жалпы білім беретін мектептің #ЖасСсарбаз сыныбының тәрбиеленушілеріне бұйырды.
Мұндай дәстүр 1980 жылы пайда болған еді. Еске алу шараға оқу және әскери дайындықта үздік танылып жүргендер қатысты.
«Жас сарбаз» қозғалысының балалары осы дәстүрді Алматыда үшінші жыл қатарынан жалғастырып келеді. Биыл еске алу вахтасы 14 мамырға дейін жалғасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаңа жоба. «Ұлттық идея және ...» Қазақ халқы неге жетім?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы