Жас сарапшылар саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылады

«Халықаралық Әлеуметтану және саясат институты» ҚҚ жанындағы Жас сарапшылар мектебі  «Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретіндегі жұмысының негізгі қорытындылары: 2019-2022 жылдар» және «2022 жылғы президент сайлауының қорытындылары» баяндамаларының тұсауын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мектеп тыңдаушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметтегі негізгі әлеуметтік-экономикалық, ішкі және сыртқы саяси бағыттар бойынша қызметіне талдау жасады. Сондай-ақ, жас сарапшылар мектебі 2022 жылғы 20 қарашада өткен президенттік сайлауға толық шолу дайындады.

Сарапшылар 2022 жылғы Президенттікке кандидаттарды сайлау барысына өз бақылауларын (сайлау алдындағы үгіт-насихат, кандидаттардың бағдарламалары және т.б.), сондай-ақ Қазақстандағы ішкі саяси ахуал бойынша өз болжамдарын бөлісті.

Баяндамалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Авторлар ұжымына саясаттанушы Марат Шибутовтың редакциясымен мектептің жас және қазіргі сарапшылары кірді.

Студенттер деректермен және мәтіндермен жұмыс істеудегі аналитикалық дағдылармен қатар, саяси технологиялар, атап айтқанда, сайлау науқандары жөнінде білімдерін көрсетті. Сайлау процесстеріндегі өзгерістерді ескере отырып, бұл оларға болашақта зерттеулер жүргізу үшін де, кандидаттар штабына басшылық ету үшін де үлкен көмек болады, - деді саясаттанушы Марат Шибутов.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент кезіндегі жұмысының негізгі қорытындылары: 2019-2022 жылдар» баяндамасында Президенттің өмірбаяны, Мемлекет басшысының жұмысы мен бағдарламалары, Төтенше жағдайлар кезіндегі күрес әдістері (кантар трегедиясы, Қордайдағы тәртіпсіздіктер және т.б.), сыртқы саясат саласындағы қызметтері мен жұмыстары қамтылған.

«2022 жылғы президенттік сайлау» баяндамасында Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлаудың тарихы мен реттелуі, кандидаттарды ұсыну, олардың саяси платформалары, үгіт-насихат науқандары, дауыс беру нәтижелері және саяси болжамдар қамтылған.

Авторлар: Акбопе Абылкасымова, Алмас Аубекеров, Жомарт Амирханов, Мадия Торебаева, Сауле Абдуалиева, Степан Шрамко, Лилия Маньшина, Ильяс Бактыгалиев. Мәтінді енгізу, қорытындылау және редакциялау бойынша Айдар Омаров жұмыс істеді, баяндамаларды аударумен Айнұр Бақытжанова (қазақ тілі), сондай-ақ Степан Шрамко мен Тимур Үмбетов (ағылшын тілі) айналысты.

«Халықаралық Әлеуметтану және саясат институты» Қоғамдық Қоры жанындағы Жас сарапшылар мектебі 2022 жылдың маусым айында Елбасы академиясының қолдауымен ашылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы