«Zhas Project» байқауына аз қамтылған жастарды тарту жалғасуда

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Білім және ғылым министрлігі және Дүниежүзілік банктің қолдауымен өтетін «Zhas Project» байқауына аз қамтылған жастарды тарту жалғасып жатыр.

Алматы қаласындағы кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар бұл жобаны жүзеге асыруға 1 млн теңге көлемінде грант қарастырылып отыр. Іріктеу жұмыстары 15 наурыздан басталады және басымдық еш жерде оқымайтын, жұмыс істемейтін немесе кедейлік шегінен төмен тұрған жастарға беріледі. Грант бизнес бастау үшін бастапқы капитал болмақ.

«Алматылық жастармен оныншы кездесу өтіп жатыр. Біздің қалада қабілетті жастар көп. Өздерінің бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін бұл грант шын мәнінде бастапқы көмек деп қарастыруға болады. Біз қатысушыларды студенттер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің арасынан, азаматтық қоғам белсенділерінің арасынан іздейміз», - дейді «Zhas Project» корпусының Алматы қаласы бойынша үйлестірушісі Ербол Өмірбаев.

Оның айтуынша, байқауға қатысушылар іріктеу критерийлеріне сай болуы керек. Мәселен, байқауға Алматы қаласының аумағында кем дегенде алты айдан бері тұрып келе жатқан 14-29 жас аралығындағы жастар болу керек. Өтініш берудің алғашқы қадамы 3-5 адамнан тұратын өз бастама тобын құру. Қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобасының идеясы туралы шешім қабылдауы керек, оны жүзеге асыру алты айға созылады. Осы уақыт ішінде олар 40 мыңнан 60 мың теңгеге дейін ай сайынғы стипендия алады.

Екі жылда «Zhas Project» жобасының арқасында Қазақстанның түрлі аймақтарында сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша 186 жоба, компьютерлік және тілдік курстарды ұйымдастыру бойынша 128 жоба іске асырылған. 80 спорт клубы мен фитнес клубтары, 120 демалыс клубы мен 56 балалар орталығы, 86 тігін шеберханасы, 67 наубайхана және басқа да қызықты әрі қажетті жобалар ашылыпты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы