Жас мамандардың басым бөлігі ауыл медицинасында қызмет етуде

2025 жылы медициналық жоғары оқу орындарының 10,5 мың түлегінің 34%-ы ауылдық медициналық ұйымдарға жұмысқа орналасуға жіберілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ауылдық жерлерде және шалғай өңірлерде кадрларды нығайтуға баса назар аударылды.

Мамандар ағынының негізгі факторларының бірі жас дәрігерлер мен аса тапшы бағыттар бойынша мамандарды қолдауға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шараларының кешенін енгізу болды. Бағдарламалар тұрғын үй, қаржылық, білім беру және әлеуметтік қолдауды көздейді.

Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша тапшылық: 

- дәрігер 20%-ға,
- орта медициналық персонал 7%-ға,
- ауылдық жерлердегі дәрігерлер 16%-ға азайды.

Ауылдық жерлерде жұмысқа кіріскен медицина қызметкерлеріне:

- көтерме жәрдемақылар;
- ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері;
- жалақыға қосымша төлемдер;
- әлеуметтік қолдаудың өзге де шаралары ұсынылды.

Ең тиімді құралдар тапшы мамандықтағы дәрігерлерді әлеуметтік қолдау, тұрғын үй беру және ауыл мамандары үшін жалақыға 25 пайыздық үстемеақы болып танылды.

Ағымдағы жылдың 10 айында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін келген 298 дәрігер (2024 жылы – 254 маман) кемінде 100 ЕТЖ немесе 8,5 млн теңге мөлшерінде төлем алды, 596 медицина қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы