Жас мамандар кеңесі мұнайшыларға не береді?

Ақтау қаласындағы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жас мамандар кеңесінің жұмысына биыл 10 жыл толды. Кеңестің жұмысы жөнінде BAQ.KZ тілшісіне "Қаламқасмұнайгаз" өндірістік басқармасының слесарь-жөндеушісі Жанаман Бақтөреев айтып берді.

Жанаман Бақтөреев. Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Менің өндірістік басқармаға келгеніме көп болған жоқ. Бұрын жастар орталығында, облыстық ассамблеяда, Есенов университетінде жұмыс істедім. Қазір кен орынында мұнайшымын. Ол жақта жас мамандар кеңесі бар. Оның құрылғанына биыл 10 жыл болды. Жас мамандар кеңесі жастардың идеяларын өндірісте жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді. Өндіріс басшылығы мекемеге пайдасы келетін жобалар болса, қолдау білдіреді, - деді ол.

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Жанаман Бақтөреев өндірістегі жастар жұмыспен қатар спортты да алып жүретінін айтты. Өндірістегі спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисін ойнауға, темір көтеруге, фитнеспен айналысуға болады. 

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Сонымен қатар, жас мамандар кеңесі енді денені ғана емес, миды да шынықтыруға ден қою үшін мұнайшылар арасында куиз ойындарын ұйымдастыра бастады.

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан

Қазір зияткерлік сайыстар, яғни куиз ұйымдастырып жатырмыз. Бірінші туры бітті, бүгін екінші тур болады. Ары қарай гранд финал. "Қаламқас куиз" ойыны деп атадық. Сонымен қатар, жаз кезінде кешкі уақытты тиімді өткізу үшін ашық аспан астындағы кино ұйымдастырып жатырмыз. Бізде 10 күндік вахта. Әр вахтада 1-2 рет болады. Жұмыстан кейінгі сергіту сәті, - деді Жанаман Бақтөреев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: кейіпкердің жеке мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы