"Жасұландықтар" қарттар үйіне көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері елордадағы қарттар үйінде барып қайтты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялағаны белгілі. Осы орайда болашақ офицерлер қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты. 

"Жас ұланның" 20-дан астам мектеп қызметкері мен шәкірті қарттар үйінің аумағын тазалап, мерекелік концерт пен дастархан ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері келген жастарға қиын-қыстау жылдар туралы айтып, еліміздегі бейбіт өмір мен тыныштықты бағалау керек екенін атап өтті.


Біз қоғам өміріне белсенді қатысатын жігерлі жастарды тәрбиелеуге тырысуымыз керек. Биыл жарияланған "Еріктілер жылы" тек қағазда қалып қоймауы тиіс. Оның нақты іс-әрекеттермен танылғаны маңызды. Сондықтан біз жыл бойы осы сынды біраз іс-шара өткізуді жоспарлап қойдық. Олардың негізгі мақсаты – күш-жігеріміз жеткенше ерікті істердің өзектілігін арттыру. Айта кетейін, кез келген уақытта өз елі мен халқына қолдау көрсетуге дайын адамдардың көп болуы маңызды, - деп атап өтті мектеп бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонды өткізу эстафетасы басқа оқу орындарына да беріліп, ігі істер жалғасын таппақ.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы