Жасұлан Мәдиев: 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Жасұлан Мәдиев және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Мәди Такиев бүгінгі онлайн брифинг барысында  төтенше жағдай кезіндегі шағын және орта бизнеске көрсетілетін қолдау шараларына қатысты пікір білдірді. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - мемлекет саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің бағалауымызша, жалпы ішкі өнім құралындағы шағын және орта бизнес үлесі 29,5 пайызды құрайды. Бұл секторда 3 миллионнан астам адам  жұмыс істейді. ШОБ қолдау "Бизнестің жол картасы - 2025", "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады. 2019-2020 жылдары осы бағдарламалар бойынша қолдауға ие болған кредиттік портфельдің жалпы көлемі – 372 миллиард теңгені құрайды. 5,5 мыңнан астам жоба қаржыландырылады,-деді Жасұлан Мәдиев.

Вице-министр елдегі жағдай кәсіпкерлікті дамыту жолында тиісті қадам жасауды талап етіп отырғанын айтты.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жедел шаралар пакеті жасалды. Аталған жұмыс аясында екі бағдарлама ("Бизнестің жол картасы - 2025", "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары) бойынша соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы біріздендірілген. Бұл бағдарламалар бойынша енді несиелер құны 6 %-дан аспайды,-деді ол.

Вице-министр сонымен қатар, "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы бойынша бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін салалық шектеулер алынып тасталғанын жеткізді. 
Бұл шағын және орта бизнестің кез келген субъектісі бағдарламаға қатысушы бола алады және қаржыландыруға қатысты жеңілдікке де қол жеткізе алады дегенді білдіреді. Бір кәсіпкерді несиелік қолдау көлемі 7 млрд.теңгеге ұлғайды (2,5 млрд теңгеден бастап). Айналым қаражатын толықтыруды қаржыландыру жағы да айтарлықтай кеңейтілді. Бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыру 500 млн.теңгеге дейін (60 млн теңгеден бастап) ұлғайып, жаңартылған негізде ұсынылатын болады, - деді Жасұлан Мәдиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы