Жас қыздың өлімі: Ата-анасы сенбейді. ДНҚ тест жасалмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы жас қызды өлімі төңірегіндегі сұмдық оқиға бойынша оғаш жағдайлар анықталып жатыр. Қыз баланың туыстары табылған дене қалдықтары Аяжанға тиесілі екеніне күмәнданғанын айтты. Қаза тапқан қыздың немере ағасы Азамат Муликов ҚазТАГ басылымына егжей-тегжейлі айтып берді.
Біз, ең алдымен, сараптама процесін жеделдетуді, ДНҚ тестін жасауды, яғни туыстарын шақыруды талап етеміз. Оларды ешкім шақырмады, ешкім бұл Аяжан екенін ресми түрде растамады. Барлығы сөзбен. Біз Аяжанның қайтыс болғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан білдік, бұл рас. Оның барлық туыстары Талдықорғанда, олар баласының мүрдесін жер қойнына тарсыру үшін күтіп отыр. Оқиға анықталғалы бес күн өтті. Мәйітхана демалыс күндеріне бір сілтеді, қазір сараптама жүргізіліп жатқанын айтады, бірақ біз ешқандай әрекет көріп отырған жоқпыз. Олар қыздың әкесін шақырмады, ДНҚ тесті әлі жасалмады. Процесс өте баяу жүріп жатыр, - деді ол.
Қайтыс болған қыздың туыс әпкесі Бибігүл Әбілталипова ДНҚ тестісіз бұл Аяжан екендігіне 100% сенімді болу мүмкін емес екенін атап өтті.
Әкесін ДНҚ тестіне шақырсын. Ата-анасы сенбейді. Бұл психологиялық ауыртпалық. Өтінемін, әкесін ДНҚ тестіне тездетіп шақыртып, тест жасатсын. Бізге ДНҚ нәтижесіне сілтеме жасай отырып, бұл 100% Аяжан екендігі туралы ресми мәлімдеме беріңіздер, - деп талап етті ол.
Муликов ДНҚ тестінсіз күдіктінің пәтерінде қанша дене табылғанын анықтау қиын екенін айтты.
Полиция тұтқынға алынған азаматтың айғақтарынан алдымен Аяжанды өлтіріп, содан кейін денесін бөлшектеп, жасыруға тырысты деп мәлімдейді. Суреттерден дененің бөліктері мұқият өңделіп, өте кәсіби түрде бөлшектелгенін көруге болады. Қанішер жәбірленушінің әр тісін бір-бірлеп қағып, әр тырнағын жұлып тастаған. Егер ол мүрдеден жылдам құтылғысы келсе, неліктен әр тырнақты кесіп, әр тісті жұлып тастағысы келді? Біз бұл пайымға сенбейміз. Мәйітханаға қоңырау шалған кезде бізге оқиға орнында екі мәйіт бар екенін айтты. Бірақ қазір бұл түсініксіз, өйткені дене бөлшектелген. Сондай-ақ, ол жерде қанша адамның мүрдесі болғаны белгісіз, сондықтан қазір сараптама жүргізіліп жатыр, - деді ол.