Жас кәсіпкерлерді оқытуға бағытталған инкубациялық бағдарлама басталады

Цифрлық даму министрлігі, еншілес компаниялармен-QazInnovations және Astana Hub-пен бірлесе Қазақстанның 10 өңірінде (Семей, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Орал, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қостанай қалаларында) бизнес-инкубаторларларды іске қосқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бизнес-инкубаторлардың негізгі мақсаты - белігілі бір саланың дамуына ықпал ететін және кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жас және белсенді адамдар үшін арнайы алаңдар ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта бұл алаңдарда үздік инновациялық идеялар іріктелуде, ал қараша айынан бастап жас кәсіпкерлерді оқытуға бағытталған инкубациялық бағдарлама басталады, оның шеңберінде кәсіпкерлік негіздері, IT-платформалар, маркетингтік зерттеулер және жобалармен жұмыс істеу салаларында қажетті білім алуға мүмкіндік бар. Финалдық кезеңде олар өз жобаларын инвесторлар мен әлеуетті тұтынушылар алдында қорғап, қаржылық тұрғыда қолдау алу үшін арнайы таныстырылым жасайды, - деп жазды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 Министрлік өз ісін енді бастаған стартаперлерді қолдау мақсатында осындай жобаларды тұрақты негізде жүзеге асыратын болады

Мұндай сәтті алаңдардың жарқын мысалдары ретінде - акселерация бағдарламасынан өткен және үлкен инвестицияларға ие болған Clockster (шағын және орта бизнеске арналған персоналды басқару құралы) және Cerebra (ишемиялық және геморрагиялық инсультті диагностикадан өткізуге арналған нейрорадиологиядағы жасанды интеллект) сияқты стартаптарды атап өткім келеді. Министрлік өз ісін енді бастаған стартаперлерді қолдау мақсатында осындай жобаларды тұрақты негізде жүзеге асыратын болады. Бизнес-инкубаторлардың есігі - бизнес идеясы немесе стартапы бар кез келген адам үшін ашық! Менің ойымша, өңірлік хабтардың қызметі еіліміздегі адами капиталды неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы