Жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізіледі
2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап берді. Олар:
– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;
– Энергия, озық материалдар және көлік;
– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;
– Елдің зияткерлік әлеуеті;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2025-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі (is.ncste.kz) арқылы өтінімдер беру бойынша кеңес алу үшін Call center: +7 (727) 222-11-02 (ішкі. 201, 203, 204, 207, 210, 211, 213, 214, 216, 218, 219, 221, 226, 229, 230).
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-55, 74-24-71; қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.
Ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 07 қараша.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2024 жылғы 06 желтоқсан (қоса алғанда).