Жас ғалым: Ұлттық кеңес мүшелігіне лайықты ғалымдар және жастар кірсе деген үміттеміз

Президент жанынан құрылатын Ғылым мен технология мәселелері жөніндегі кеңес мүшелігіне лайықты ғалымдар және жастар кірсе деген үміттеміз. Бұл туралы Сулейман Демирель университеті Ғылым департаментінің директоры Қанат Оразалиев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жас ғалым Президенттің Алматыға іссапары кезінде айтқан мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді. Ол ұлттық кеңес мүшелігі наукометрияны жақсы білетін, ғылымның тұрақтылық принципінде жұмыс істейтін ғалымдардан құралса деген ниет білдірді.

Әл-Фараби бабамыздың сөзі «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» әрқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгін Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сөзінен кейін Қазақстанның ғылымның дамуына үлкен жоспар құрылғанын айқындатты. Әрине, қазақ ғылымының сан ғасырлық тарихы бар. Ендігі Президент жанынан Ғылым мен технология мәселелері жөнінде ұлттық кеңес құру жөнінде шешім қабылдады. Оған еңбектері жұртшылыққа кең танымал, ғылыми ортада өте беделді ғалымдарымыз мүше болады. Сол мүшелікке лайықты ғалымдар және жастар кірсе деген үміттеміз. Наукометрияны жақсы білетін, ғылымның тұрақтылық принципінде жұмыс істейтін жүйені құрса деген ниеттеміз. Ал елдің ғылыми әлеуетін дамыту көптеген түрлі компоненттерден тұрады, соның ішінде адами капиталды дайындауды, біліктілікті арттыру, қаржыландыру және шетелдік тағылымдама арқылы ынтымақтастықты күшейту. Еліміздің ғылымы дамып, зерттеу институттарымыз жұмысын күшейтіп, журналдарымыз шетелдік мәліметтер базасына кірсе деген ниеттеміз, – деді Қанат Оразалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы