Жас дәрігер: 17 сағат бойы миға операция жасадым
Ұйқысыздық пен стресс миға қалай әсер етеді, бас ауырғанда не істеу керек? Бас ауруы, ұялы телефон, түнгі жұмыс және депрессияның миға әсері қандай? Нейрохирург-дәрігермен бірге талдап көрдік.
Нейрохирургия – медицинаның ең күрделі әрі жауапты салаларының бірі. Бұл салада жас та болса, терең білімі мен біліктілігін, кәсіпқойлығын танытып, жанкештілікпен адам жанының арашашысы болып жүрген дәрігерлер жетерлік.
Солардың бірі – жас маман, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының нейрохирург-дәрігері Рамазан Сырлыбайұлы BAQ.KZ подкастына сұхбат берді.
Неліктен бас жайдан-жай ауырмайды, ал ұйқысыздық пен стресс миға қаншалықты қауіпті? Түнгі жұмыстың миға әсері қандай? Бас ауырғанда қандай дәрі ішу керек? Гормоналды контрацептивтердің инсульт қаупіне ықпалы бар ма? Депрессияны миға ота жасау арқылы емдеу мүмкін бе деген маңызды сұрақтарға жауап іздедік. Ұялы телефон, созылмалы стресс, ұйқысыздық секілді күнделікті әдеттер ми ресурсын қалай сарқиды? Күніне кемінде 8 сағат ұйықтау керек деген қаншалықты рас? Нейрохирургияның психикалық дерттерді емдеудегі қазіргі мүмкіндіктері мен болашақ бағыттары, ми саулығы әңгімеге арқау болды.