Балалар кинология қызметімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «SOS» балалар ауылы мен «Үміт» орталығының бүлдіршіндері Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ішкі істер департаментінің кинология орталығына экскурсия жасады.
Кинологиялық қызмет - бұл иттерге есірткі заттарын, сондай-ақ жарылғыш әрі зиянды заттарды іздеуге үйрететін қызмет саласы.
Мамандардың айтуынша, іздестіру-құрқару операцияларының 70% кинологтардың жұмысына байланысты. Сондықтан қандай төтенше жағдай болмасын, олар бірінші болып келеді.
Экскурсияның басты мақсаты көпке тансық емес кинология саласының қыр-сырын көрсету.
Біздің орталықта 40-қа жуық ит бар. Орталығымызда әртүрлі тұқымдас ит түрлері кездеседі. Атап айтар болсақ, неміс овчаркасы, бельгиялық овчарка, ротвейлер, онымен қоса қазақтың төбеті де бар, - деді Кинологилық қызмет орталығы басшысының орынбасары Рауан Дәулетов.
Сонымен қатар маман кинологиялық қызметтегі иттерді дайындау үшін есірткілер қолданады деген теріс пікір барын алға тартты.
Иттерді дайындау барысында ешқандай зиянкес заттармен жұмыс істемейді. Көбі оларды есірткі беріп дайындайды деп қателеседі. Шын мәнінде, иттерді жаттықтыру кезінде оларға химиялық қоспасы бар арнайы тағамдар берілді, - дейді маман.
Онымен қоса жиын барысында қонақтар да өз сұрақтарын қойды. Иттер жарылғыш заттар мен есірткілерді иісінен білсе, адамдарды қалай ажырата алатынын сұрады.
Адамның саусақ іздері секілді, әрбір адамның бойында өзінің исі болады. Ол адамның киімінде басқа да заттарында біршама уақыт сақталады, - дейді Рауан Дәулетов.Айта кетейік, жалпы елімізде ТЖМ кинологиялық қызмет түрі 1997 жылдан бастап дамып келеді.
Олжас АДАЙ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Профессор Сағади Бөлекбаев дүниеден озды
Өзгелердің жаңалығы