Жас босанған әйел екі нәрестені терезеден лақтырып жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Наманган облысында босанған әйел баласының аяғында кемістігі бар болғанына қапаланып, өзінің және палатада бірге жатқан әйелдің баласын терезеден лақтырып жіберген.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қыркүйекте 5:30-да Наманган облыстық ауруханасының перзентханалық кешенінің артқы ауласында ауыр жарақат алған екі сәби табылды. Қыз балалар дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда, көрсетілген медициналық көмекке қарамастан екеуі де шетінеп кетті.
«Тергеу жұмыстары барысында қызының аяғында кемістігі барына қапаланған әйелдердің бірі қызының көзін құртпақ болғаны анықталды.Ол өзінің қызы мен қасында жатқан әйелдің нәрестесін перзентхананың екінші қабатынан лақтырып жібереді. Аталған фактіге сәйкес прокуратура «қасақана өлтіру» бабы бойынша жаңа туған нәрестенің анасына қатысты қылмыстық іс қозғады», - делінген Өзбекстан Бас прокуратурасының хабарламасында.
Өзбекстанда адам өлтірген қылмыскерлер 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.