30 Шілде 2026, 23:27
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Жас балуан Айша Әбдімәлік әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ол шешуші белдесуде Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатарға есе жіберді.
Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айша Әбдімәлік финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші белдесуде Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатарға есе жіберді. Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының күміс медалін иеленді.
Ал 49 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Мейнамбай қола жүлде үшін өткен белдесуде АҚШ спортшысы Исла Сильвадан жеңіліп, жүлдесіз қалды.