Қарағандылық жас теннисші Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Халық Респубиасының Нинбо қаласында Румыния, Беларусь, АҚШ, Сингапур, Израиль, Үндістан, Малайзия, Греция, Иран, Франция, Испания, Мальдива, Қазақстан елдерінен келген "Hopes Week" әлемдік турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Аталмыш додада біздің республикамыздың атынан қарағандылық Алан Құрманғалиев өнер көрсетті.
Облыс әкімдігінің ресми сайтынан хабарлағандай, жиын соңында айналым жүйесі бойынша турнир өтті. Бұл сайыста Қарағанды қаласының үстел теннисі бойынша балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі бірінші орынға ие болды.Нинбода оқу-жаттығу жиыны мен турнир жоғары деңгейде өтті. Спорт залы тамаша, 54 үстелі бар, қызықты әрі пайдалы жаттығулар ұйымдастырылды. Менімен құрдас болып келетін және жастары менен кіші спортшылары таң қалдырды – өте мықты және сауатты ойнайды екен. Өте еңбекқор екені көрініп тұр, - деп атап өтті olympic.kz-ке берген сұхбатында Алан Құрманғалиев.Естеріңізге сала кетейік, халықаралық ITTF Федерациясы құрлықтық, әлемдік «Hopes Week» турнирлерінің қорытындысы бойынша Алан Құрманғалиевты 2019 жылғы үздік жас теннисші деп атады. Қазан айында 12 жасар қарағандылық республикалық чемпионаттың сенсациясына айналып, біздің облыс құрамасының ең жас мүшесі спорт шебері нормативін орындады. Қазақстандық үстел теннисінің тарихында мұндай оқиға бұрын-соңды болып көрмеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орны анықталды
Өзгелердің жаңалығы