Жас ғалымдарды қаржыландыру 3 млрд теңгеге ұлғаяды – министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру алдағы 3 жыл ішінде 3 млрд теңгеге ұлғайтылады. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында берген есептік кездесуінде айтты.
Ел бойынша 300-ден астам республикалық іс-шара жүзеге асырылды, олар 2 миллионнан астам жасты қамтыды. Арнайы шаралармен 800 мыңнан астам адам қамтылды. Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға, оның ішінде жас отбасыларға 3 мың жалға берілетін пәтер берілді. Барлығы 9 мың пәтер бөлу жоспарлануда, - деді Аида Балаева.
Министр атағандай, "Жас кәсіпкер" жобасы аясында 5 мың адам мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды.
Бұдан басқа, 10 мың жас кәсіпкер өз өндірісін шағын несиелер есебінен кеңейтті, олардың көпшілігі ауыл жастарына берілді. 2019 жылы "Жасыл ел" жобасы аясында 20 мыңнан астам адам қамтылды. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша бір жолғы жәрдемақы мөлшері 70 – тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды, - деді министр.
Министр жас ғалымдардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыру алдағы 3 жыл ішінде 3 млрд теңгеге ұлғайтылатынын айтты.
Әлеуметтік студенттік несиелер» жүйесін енгізу арқылы волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиялары 30% - ға арттырылды. Биыл 2025 жылға дейін жастарды қолдау бойынша кешенді жоспарды әзірлеу, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша тәсілдерді әзірлеу міндеті тұр, - деді ол.
Министр атағандай, Нұр-сұлтан қаласындағы "QazExpoCongress" павильонының базасында "rtHUB" жастар бастамаларын қолдау орталығын құру бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Мұнда жастар ұйымдары мен волонтерлердің фронт-офисі орналасатын болады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-тың бас инфекционисі елдегі жағдайдың күрделі екенін айтты
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы