Жарықсыз қалған шағын аудандарға электр қуаты берілді
Атыраудағы Геолог, Жұлдыз, Томарлы, Бірлік, Вокзал шағын аудандарында электр қуаты қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 –14 қарашаға қараған түні Атырау қаласы Бірлік ш/а № 18 электр қосалқы станциясында өрт оқиғасы орын алған. Салдарынан шахардың бірнеше шағын аудандары жарықсыз қалып, кейбір білім беру мекемелерінде сабақ онлайн форматта өткен еді. Қазір апат салдары жойылды. Бұл жағдай өңір басшысының жеке бақылауында.
Атырау қалалық білім бөлімінің мәліметінше, Бірлікте орналасқан № 35 балабақшада және Боран Нысанбаев мектебінде, Геологтағы № 36 мектеп оқушылары15 қараша күні онлайн оқиды. Электр жарығы қосылса осы білім ұйымдарының екінші ауысымдағы оқушылары шаттатық режимде сабақты жалғастырады.
№ 35 балабақша бүгін бөбектерді қабылдамайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытай қазақстандық туристерге қойылатын талаптарды өзгертті
Өзгелердің жаңалығы