Жарты жылда 135 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жарты жыл ішінде 135 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы айтты.

Парасаттылықтың ауқымды мәдениетін қалыптастырумен қатар Агенттіктің басымдықтары тиімді алдын алу жұмыстары болып табылады. Негізгі алдын алу құралдары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады. Жарты жыл ішінде 135 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. 121 мемлекеттік органның және квазимемлекеттік сектор ұйымының қызметіне сыртқы талдау ұйымдастырылды, - деді ол. 
Асанұлы айтқандай, олардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын жою, бизнес-үдерістерді жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша 1100-ден астам ұсыныс пен ұсыным енгізілді.
Олардың төрттен бірі іске асырылды. 24 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізілді, 200-ге жуық ұйымдастыру-практикалық шара қабылданды. Мысалы, нәресте өлімі мәселесіне қатысты ұсыныстар бойынша: өлі туу жағдайлары медициналық мекемелердің клиникалық қызметін бағалау көрсеткіштеріне енгізілді, ал ресми статистикаға түзетулер енгізілді. ІІМ медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді және ІІО-ның барлық аумақтық бөлімшелеріне жіберілді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы