Жарты жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарты жыл іздеуде жүрген сотталған Алматы-Өскемен пойызында ұсталды.
Шығыс Қазақстанда пробация қызметкерлері 6 айдан астам уақыт іздеуде жүрген сотталушыны ұстады. Пробация қызметінің қызметкерлері Көкпекті ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні бұрын іздеуде жүрген сотталған адамды ұстады.
20 жастағы сотталған 2020 жылы алаяқтық үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ол пробация қызметіне есепке тұруға келмеген. Осыдан кейін оған іздеу жарияланған.
Қызметкерлер оны Алматы-Өскемен пойызында ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деді әділет аға лейтенанты Марат Төлепбергенов.
Айта кетейік, 15-24 наурыз аралығында ШҚО-да «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Мақсаты-құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алу.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
3 өңір «қызыл», 4 өңір «сары» аймақта
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы