Жарты миллион теңге жымқырған сәулетші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі жарты миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы Асхат Жұмағали хабарлады.

Маусымда қамауға алынған Шымкент қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысына қаланың топографиялық картасын жасауға бөлінген 500 мың теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, шенеунік мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша мердігермен келісім жасап, оған қолдануға жарамсыз топографиялық карта үшін барлық ақшаны аударған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы