Жарты айға жететін бензиніміз бар - Энергетика министрі
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі бензиннің қоры нақты қанша күнге жететітіні туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі бензиннің қоры нақты қанша күнге жететітіні туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі сағат 9.00-дегі жағдай бойынша бізде АИ-92 маркалы бензиннің қоры 23 күнге жетеді. АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 күнге, дизельдің қоры 29 күнге жетеді. Бұл – бүгінгі сағат 9.00-дегі жағдай, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкімет отырысынан соң кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда не істейтіндеріне тоқталды. Айтуынша, жанар-жағармайдың бағасын қолдан қымбаттату, алып сату әрекеттері жиілейді. Сол үшін бұл бағытта тиісті шаралар қабылданып жатыр деп отыр.
АИ-95 маркалы бензиннен басқа қандай да бір жанармайдың бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензиннің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарықты Ресей Федерациясынан алдыратын импорт арқылы ғана толық жабамыз деп күтіп отырмыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге шамамен 40 мың тоннадай АИ-65 маркалы бензин импорттау қажет. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір «Газпром нефть» жеткізе бастады, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Үкімет отырысында еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында бензин мен дизельдің қанша қоры барын айтқан еді.