Қызыл Жарты ай қозғалысы қарттарға азық-түлік жеткізді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қызыл Жарты ай халықаралық қозғалысының волонтерлері "Жақсылық жаса" акциясы аясында қарттарға азық-түлік тарата бастады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара үйде жалғыз қалған егде жастағы адамдар мен мүгедектерге халықтың назарын аударту үшін қолға алынған.

Қаладағы Қызыл Жарты ай қозғалысы және "С алматинец" үкіметтік емес ұйымдары осы акция аясында үйден шыға алмай отырған қарттарға азық-түлік жеткізу бастамасын қолға алдық. Кеше волонтерлеріміз 50-ге жуық егде жастағы адамдар мен мүгедектерге азық жеткізсек, бүгін он адамға апарып бердік. Ертеңгіге тағы 45 адамға азық дайындап жатырмыз. Бұл азықтарды жинауға "Метро" сауда үйі және тағы басқа кәсіпкерлер қолқабыс етті, - дейді Қызыл Жарты ай қозғалысының әлеуметтік көмек департаментінің директоры Дана Бакиева.

Оның айтуынша, бұл шараның басты мақсаты - осындай қиын жағдай кезде үйінен шыға алмай отырған адамдарға қолұшын беру. 

Барлық қала тұрғындарын осы акцияға атсалысуға шақырамыз. Егер жалғыз тұратын көрші ата, апаларыңыз болса, азда болса жәрдемдесулеріңізді сұраймыз, - деді ол.
Айта кетейік, 19 наурыздан бастап, Алматы қаласы коронавируске байланысты карантинге жабылып, әуе, теміржол, автобус рейстеріне шектеу қойылды. 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы